387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жоғалған альпинистердің туыстары іздестіру жұмыстарын тоқтатпауды сұрайды

  • 137
  • UPD: 00:08, 21.08.2019

Осыдан бірнеше күн бұрын Тянь-Шянь тауында жоғалған  алпинистерді іздестіру шаралары жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін де құтқарушылар арнайы тікұшақпен «Жеңіс» шыңын барлап, Тянь-Шанның Қырғызстан бөлігін күні бойы шарлап шықты. Осыған байланысты бүгін альпинист Мұрат Өтепбаевтың жары мен қызы журналистерге сұхбат берді. Олар альпинистерді іздестіру жұмыстарын тоқтатпауды өтініп отыр. Теңіз деңгейінен 6600 метр биіктіктегі шыңға шыққан Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеев туралы қазір ешқандай мәлімет жоқ. Ал бұған дейін үшінші альпинист Александр Чечулинің тауда мерт болғаны хабарланған болатын.

Шахаризада Шахбутова, Мұрат Өтепбаевтың әйелі:

- Мен ел президентінен, қорғаныс және ішкі істер министрілерінен альпинистерді іздестіру жұмыстарын тоқтатпауды сұраймын. Менің жолдасым өте тәжірибелі альпинист. Тауда үңгірлер мен шатқалдар көп. Олар сол жерде болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы