386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


34 мың шымкенттік тегін медициналық көмектен құр қалуы мүмкін

  • 176
  • UPD: 23:50, 20.08.2019

34 мың шымкенттік мамандардың тегін медициналық көмегінен құр қалуы мүмкін. Өйткені әлі күнге дейін олардың сақтандыру жүйесіндегі әлеуметтік мәртебесі анықталмаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді олар үшін міндетті медициналық жарнаны кім төлейтіні белгісіз. Қазір мамандар хабарсыз жатқандарды іздестіруде.

Қазір Шымкентте науқастар туралы дерекқор жинақталуда. Тек 34 мың адамның қайда жүргені белгісіз. Олардың әлі күнге әлеуметтік мәртебесі анықталмапты. Олар үшін арнайы қорға міндетті медициналық жарнаны кімнің төлейтіні белігісіз.

Әлия Молдыбаева, қалалық №13 емхана бас дәрігерінің орынбасары:

ҚР әр азаматы өзінің тұрғылықты жері бойынша тіркелуі керек. Тіркелген азамат мемлекеттік кепілдік берген тегін мединалық көмегін алуға мүмкіншілігі болады.

Әлеуметтік мәртебесі анықталған бұл азаматтар тегін медициналық көмек ала алмай қалуы мүмкін. Қазір полиция мен көші-қон қызметі «жоғалғандарды» іздестіріп жатыр. Белгілісі - олардың көбі еліміздің басқа қалалары мен облыстарына көшіп кеткен.

Фарида Дауытова, қала тұрғыны:

- Бұрын жиі келіп тұратынмын. Соңғы екі жылда ат ізін салмай кеттім. Осы уақытқа дейін Якутиядағы қызымның үйінде болдым. Енді келіп тұрмын.

Өз мәртебеңізді емхана мен Egov порталы арқылы білуге болады. Медициналық қызмет көрсетудің жаңа ережесі 2020 жылдан бастап іске асырыла бастайды. Бұған дейін барлық медициналық мекемелер толық техникалық дайындықтан өтуі тиіс. Әзірге Шымкенттегі емханаларда екі мыңға жуық компьютер жетіспейді.

Асхан Байдуалиев, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Біздің медицина саласының қызметкерлеріне 1910 компьютер керек боп тұр. Бүгінгі күні мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында байқау жарияладық. Алдағы қазан-қараша айында барлығы толық орындалады деп ойлаймыз.

Денсаулық сақтау басқармасы алдағы уақытта емханаларда техникалық қолдау айтарлықтай жақсарады деп уәде беріп отыр. Бірақ компьютердің жетіспеушілігіне қарамастан қалада медициналық ақпараттық жүйе мен электронды денсаулық құжаты жұмыс істей бастады.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Катерина Попкова, Нурмахан Мусатов

Хабар 24 телеарнасы