387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматының орталығындағы веложол алынып тасталады

  • 304
  • UPD: 09:28, 21.08.2019

Алматы тізгінін ұстаған әкімдердің негізгі жұмысы көше мәселесі болып тұр. Жақында ғана қызметіне кіріскен Бақытжан Сағынтаев мырза да қала көшелерін реттеуді қолға алды. Шаһар басшысы кеше Аль-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолына  80 шақырым жылдамдықты қайтару және Байтұрсынов мен Қонаев көшелеріндегі веложолды алып тастау туралы шешім шығарды. 

«Мұндай шешім  қабылдауға қалалық Қоғамдық кеңестің ұсыныстары мен қала тұрғындарының өтініштері себеп болды»- деді Бақытжан Әбдірұлы өзінің әлеуметтік парақшасында. Естеріңізде болса қаңтар айында Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы мен шағыс айналма  жолындағы жылдамдық сағатына 60 шақырымға төмендетілген еді. Сол кезде ұсынысты бірауыздан қолдаған Қоғамдық кеңес мүшелері енді жылдамдықты бұрынғы қалпына келтіру туралы шешімді құптап отыр.

Рахман Алшанов, қалалық қоғамдық кеңес төрағасы: 

- Енді өмір тұрмайды ғой, ертең бір қабылдаған шешім өмірлігін дәлелдемесе басқа шешім қабылдау керек. Қатып қалған шешім жоқ қой. Халыққа қалай ыңғайлы керек сондай шешім қабылдау керек. 

Қала тұрғындарының  пәкірі сан алуан. Біреулер жылдамдықтың артқаны дұрыс десе, енді біреулері бұл шешімге наразы. 

Қала тұрғыны:

- Болғаны дұрыс деп ойлаймын.Өйткені 60 пен жете алмай қиналып,қанша пробка болады  сондықтан 80 болғаны дұрыс деп ойлаймын. Өйткені ана Әл Фарабиде обьездар көп қой. Жету оңай болады 80 мен жүргенде ертерек.

Қала тұрғыны:

- Жақсы маған ұнайды. 60-пен кішкене енді жайырақ болады ғой. 80 мен болса кішкене жылдам. Машина айдаған адамдар  мені түсінеді.

Қала тұрғыны:

- Ол жерде 80-нің керегі не бәрібір 60-та да пробка ол жерде. Қуалайтын түк те жоқ ол жерде. 60-ы дұрыс қой. Тұра берсін 60 болып.

Әл-Фараби көшесіндегі өзгерістерге сәйкес полиция басқармасының қызметкерлері  бірқатар  шараларды қолға алмақ. 

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:

-  Жолдың бойындағы басқа да сызбаларды  ауыстыратын болады. Сонымен қатар арнайы бейнекамералардың  жұмысы  да техникалық өзгертілетін болады. Енді бұл бір-екі күннің шаруасы емес, міндетті түрде оған уақыт керек. Сондықтан азаматтарды, қоғамды біз алдына ала ескертетін боламыз.

Сондай-ақ Байтұрсынов пен Қонаев көшесіндегі екі жақты веложолдың бір шеті алынатын болды. «Бұл шешім аталған көшелерде орналасқан шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында енгізілді. Яғни веложолдың орнына көлік тұрағын орналастырамыз» деді қала әкімі.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Сержан Жұмабаев, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы