386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қажылыққа барған қазақстандықтар елге оралды

  • 144
  • UPD: 09:44, 21.08.2019
Қажылыққа барған қазақстандықтар елге оралды

Қасиетті Меккеге мұсылмандық парызын өтеуге аттанған отандастарымыз елге оралды.

Биыл еліміздің 18 бен 80 жас аралығындағы 3200 азаматы қажылық парызын өтеп келді. Бұл сапардың өз ерекшелігі болды дейді діни басқарма өкілдері. Жыл мезгілінің аса ыстық кезіне дөп келгенімен қасиетті мекенде күн салқын болып, үш күн бойы жауын жауған. Жыл өткен сайын қажылықты ұйымдастыру қызметі де жақсы дамып келеді. Білікті дін мамандары, дәрігерлер, БАҚ өкілдерінен тұратын арнайы топ ел қажыларына қажет көмектерді жасап, кеңестерін берді. Рухани кемелдену жолында жасалған құлшылықтың өз жауапкершілігі бар дейді дін өкілдері.

Наурызбай Өтпенов, ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары:

- Қажылыққа барып келгеннен кейін адам рухани өрлеу керек. Ол деген сөз қажылыққа барып келген адамның тәрбиесі, оның мәдениеті бұрынғыдан қарағанда жоғарылау керек. Барып келген адам сол қажылық парызын орындағаннан кейін барынша дінге, исламға, мұсылманға кері әсерін тигізбейтін іс әрекеттерде болу керек.

Хабар 24 телеарнасы