386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыс қаласынан 22 отбасы солтүстікке қоныс аударуға ниет білдірді

  • 170
  • UPD: 10:36, 21.08.2019
Арыс қаласынан 22 отбасы солтүстікке қоныс аударуға ниет білдірді

Арыстық 22 отбасы еліміздің жұмыс күші аз солтүстік өңірлеріне қоныс аударуға ниет білдірді.

Бұл туралы Елбасының бастамасымен 2015 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Еңбек» бағдарламасын Арыс қаласының тұрғындарына түсіндіру жұмыстары барысында айтылды. Осы орайда, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы ішкі көші-қон процесін реттеу және еңбек күші мол аймақтан жұмыс қолы жетіспейтін солтүстік өңірлеріне халықты өз еркімен қоныстандыру жұмыстарын насихаттауды бастады. 2015 жылдан бері өңірде «Еңбек» бағдарламасы аясында 881 отбасы, 3377 адам солтүстікке қоныс аударып,  мемлекет тарапынан берілетін түрлі әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілген. Жұмыс күші аз аймақтар туралы мәлімет ай сайын алынып, аудандық, қалалық жұмыспен қамту орталықтарының базасына енгізіліп тұрады. Биылғы жылдың І тоқсанында 3 мыңға жуық жұмыс орны ұсынылған. Бүгінге дейін 284 отбасы, 911 адам солтүстік өңірлерге қоныс аударып, олардың басым бөлігі тұрғын үймен, жұмыспен қамтылды. Өз кәсібін ашамын деушілерге несие, егін, мал шаруашылығымен айналысатындарға жер телімдері берілді.

Ұлдар Әлімбетова, Арыс қаласының тұрғыны:

- Балаларым бар, Құдайға шүкір. Солар үшін барып, көріп сол жаққа орналасуға ниеттеніп тұрмын. Айтқан сөздері көңіліме ұнап тұр. Айтуларынша, әрбір отбасы мүшесіне 1 жылға дейін 88 мың теңгеден ақша береді екен. Енді барып, сол жерді көріп келсем бе деп отырмын. Оған да ақша бөлінеді екен.

Бейсен Тәжібаев, «Nur Otan» партиясының түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

- Осы 2019 жылға 427 отбасыға солтүстікке баруға квота бөлініп отыр. Бас аяғы 1600-ден астам адам биыл солтүстік қазақстан, қостанай, павлодар және шығыс қазақстан облыстарына көшуге мүмкіндік алып отыр. Мақсатымыз – солтүстік өңірге көшу мәселесін кеңірек түсіндіріп, ынта-ықылас білдірген азаматтарға қажетті мағлұматты беріп, облыс әкімідігі мен «Нұр Отан» партиясы филиалы атынан сіздерге көмектескіміз келеді.

Хабар 24 телеарнасы