386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша ұсыныстар қыркүйекке дейін қабылданады

  • 146
Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша ұсыныстар қыркүйекке дейін қабылданады

Алматыда «Бюджеттік қатысу» жобасы бойынша ұсыныстар 1 қыркүйекке дейін қабылданады. Яғни қаланың әр тұрғыны шаһардың дамуына өз үлесін қоса алады. 

Бұл жөнінде бүгін қала әкімдігінің өкілдері мәлімдеді. Жоба аясында әр ауданға  қала қазынасынан 500 млн.теңге бөлінеді. Бұл қаржы тұрғындар тарапынан ұсынылған жобаларды қаржыландыруға жұмсалмақ. Мысалы, ауланы, жолды жөндеу, көшені жарықтандыру сынды  ұсыныстарды «open-almaty.kz» порталы арқылы жіберуге болады. Ол үшін өтінімді толтыру қажет. Жобалық ұсыныстың атауын, оның сипаттамасын, мекен жайы мен сметасын және нобайын көрсету міндетті. Бір жобаның құны 100 млн.теңгеден аспауы тиіс. Ал, оны іске асыруға рұқсат беру үшін қала тұрғындарының 10-нан астам дауысын жинауы керек. Коммерциялық ұсыныстар бұл жобаға қатыса алмайды. Дауыс беру 20-29 қыркүйек аралығында өткізіледі.  

Жанар Жазылтаева, қалалық стратегия және бюджет басқармасының басшысы:

- Егер сіз автор болмасаңыз да сіз мысалы ЭЦП арқылы дауысыңызды беріп, ия, осы проект керек, осы жобаны жасайық дегендей, мысалы, сайтқа кіріп дауысыңызды беріп жатсаңыз қаланың 10 пайызы осы проект жобаға қатысып отырса әрине біз нақтылауды қарастырамыз 21 жылы қалай жасаймыз дегендей мәселенің бәрін қарастырамыз.

Хабар 24 телеарнасы