385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алтай Көлгінов елорданың саябақтарын аралады

  • 156
  • UPD: 14:36, 21.08.2019

Елорда саябақтарында ағаштар құрғап, арамшөп басып кеткен. Қала әкімі Алтай Көлгінов экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрімен бірге өсімдіктері солып жатқан бірнеше саябаққа барып көрді. 

Мәселен, өткен жылы ғана ашылған «Жетісу» саябағында ағаштардың құрғақ бұтақтары кесілмеген. Аумақта суару жүйесі жұмыс істемейді. Салдарынан ағаштардың реңі қашып тұр. «Нұрлы жол» желекжолында кейбір гүлзарлар гүлсіз қалған. Ғашықтар саябағы да дәл осындай жағдайда. Ал Ботаникалық бақта гүлдер отырғызылып, суару жүйесі қалпына келтірілді.

Хабар 24 телеарнасы