385,90 427,70 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада кеншілер марапатталды

  • 175
  • UPD: 19:26, 21.08.2019
Елордада кеншілер марапатталды

Тамыз айының соңғы жексенбісі – кеншілер күні.

Кәсіби мереке қарсаңында елордада осы салада еңбек етіп жүрген 70-тен астам маман марапатталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Тимур Тоқтабаев қызметкерлердің еңбегін атап өтіп, арнайы төсбелгілер табыстады. Айта кетейік, еліміздегі энергияның 70 процентке жуығы көмірден өндіріледі. Қазір бұл салада 30 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Төлеген Мұқанов, тау-кен өндіруші металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығы директорының орынбасары:

– Шахтердің жұмысы – өте қиын жұмыс. Әсіресе, көмір саласындағы жұмыс. Мен тау-кен саласында 50 жылдан бері жұмыс істеймін.

Хабар 24 телеарнасы