387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық 298 отбасы баспаналы болды

  • 185
Елордалық 298 отбасы баспаналы болды

Конституция күні қарсаңында 300-ге тарта елорда тұрғыны баспаналы болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дені – көп балалы отбасылар мен әлеуметтік жағынан осал топқа жататын жанұялар. Бұл «Берекелі баспана» бағдарламасының жемісі. Жаңа үйге кіріп, жайғасып жатқан ағайынның көңілі шат. Айта кетерлігі, бұл баспаналар жекешелендіруге жатпайды. Жалдау құны – 5 мыңнан бастап, 10 мың теңгеге дейін пәтердің көлеміне қарай белгіленеді. Әр бес жыл сайын келісімшарт ұзартылып отырады. Жалпы қазір Нұр-Сұлтан қаласында 47 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр.

Жұмагүл Игібаева, қала тұрғыны:

– Бүгінгі қуанышымда шек жоқ. Берекелі баспана» бағдарламасынан алып тұрған баспанамыз міне осы. Өте қуаныштымын. 4 қыз, бір ұлым бар. Биыл 1-сыныпқа барады. Өте қуаныштымыз. Президентіміз көп жасасын. Әкімшілігімізге де рақмет.

Арманай Қабдешова, қалалық «Тұрғын үй қоры» КММ баспасөз хатшысы:

– Оның ішінде 150-і көп балалы отбасыларға және 148-і әлеуметтік жағынан осал топ санатына жататын отбасыларға ұсынылған болатын. Біз құжаттарды 6-12 тамыз аралығында қабылдады. Кімнің жылы ертерек, отбасының құрамы есепке алынып, осылай шығып отыр.

Хабар 24 телеарнасы