386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда «Бақытты отбасы» бағдарламасының үміткерлеріне 45 пәтерлі екі үй дайын тұр

  • 142
  • UPD: 22:51, 21.08.2019

Ақмола облысында «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша бүгінге дейін 118 отбасы құжат тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір жартысынан астамы сатып алатын пәтерлерін таңдап жатыр. Алды көп ұзамай баспаналы болмақ. Жалпы аталған бағдарлама басталған екі айдың ішінде банк-оператордың кеңсесіне 300-ден астам түрғын жүгініпті.   

Екі баланы жалғыз тәрбиелеп отырған Көкшетау қаласының тұрғыны Гүлден Шаханова «Бақытты отбасы» бағдарламасын осыдан бір ай бұрын естіпті. Содан бері құжаттарын жинастырып, банкке де бірнеше рет келген. Бүгін – ол үшін ерекше күн. Себебі қаржы ұйымының қызметкерлерінен «өттіңіз» деген бір ауыз сөзді естіп, қуанышы қойнына сыймай тұр.

Гүлден Шаханова, қала тұрғыны:

– Екі бөлмелі пәтерге енді қабілетім өтіп тұр. Енді пәтер іздей бастаймыз. Өте ыңғайлы жақсы бағдарлама.

Жалпы «Бақытты отбасы» бағдарламасынан толық емес, көп балалы және мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасылар үмітті. Бірақ олардың жалпы табысы жан басына шаққанда 42 мың 500 теңгеден аспауы керек. Ал бағдарламаға қатысты барлық сұрақтардың жауабын 300 тегін нөмірі арқылы толық білуге болады.

Балжан Бикебаева, банк өкілі:

– Отбасының жалпы табысын әр мүшесіне бөлгенде 42 500 теңгеден асып кетсе, олар құжат тапсыра алмайды. Бағдарламаның шарты солай. Яғни бұл жоба тұрмысы төмен отбасыларға бағытталған. Ал пәтерді тек жаңа үйлерден ғана емес, екінші деңгейлі нарықтағы үйлерден де алуға болады. Біз ол үшін 10 млн теңгеге дейін несие береміз.  

Қазірдің өзінде Көкшетауда «Бақытты отбасы» бағдарламасының үміткерлеріне арнап әрқайсысы 45 пәтерлі екі үй салынып дайын тұр. Алдағы жылдары баспаналар тағы да тұрғызылмақ. Ал олардың барлығы қала іргесіндегі жаңа «Сарыарқа» мөлтек ауданында бой көтереді. Жалпы аталған ауданда түрлі мемлекеттік бағдарламалар бойынша 2025 жылға дейін 1 млн шаршы метрден астам баспана пайдалануға беріледі деген жоспар бар.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный

Хабар 24 телеарнасы