389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тянь-Шань тауында жоғалған альпинистерді іздеу тоқтатылды - ТЖК

  • 243
  • UPD: 22:33, 21.08.2019
Тянь-Шань тауында жоғалған альпинистерді іздеу тоқтатылды - ТЖК wikipedia.org

Тянь-Шань тауында жоғалған Қазақстан альпинистерін іздеу жұмыстары ертең, 22 тамыз күні қайта жалғасады.

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тянь-Шань тауларында қар түріндегі жауын-шашын түсуінің жалғасуына және қас қарая бастауына байланысты бүгінгі күнгі іздеу-құтқару жұмыстары тоқтатылды. Әскери альпинистер мінген топпен ҚР ІІМ ТЖК құтқару авиациясының ұшуы тікұшақ ұшуына қолайлы жағдай болған кезде 22 тамыз күнгі таңертеңге жоспарланған», - деп атап өтеді комитеттен.

Еске салсақ, алматылық альпинистер Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және Александр Чечулин Қырғыз тауларында жоғалып кетті. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев альпинистер тобының із-түзсіз кетуіне қатысты Instagram парақшасында алаңдаушылық білдірді. Кейінірек құзға өрмелеушілердің бірінің қызы әлеуметтік желі арқылы қалың көпшіліктен көмек сұрады. Көп ұзамай ҚР Қорғаныс министрлігі альпинистерді құтқару операциясын бастағанын мәлім етті. Құтқарушылар тобына әйгілі альпинист Мақсұт Жұмаев жетекшілік етуде.

Хабар 24 телеарнасы