385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында өрттен келген шығын 118 млн теңгеге жетті

  • 109
  • UPD: 07:12, 22.08.2019
Павлодар облысында өрттен келген шығын 118 млн теңгеге жетті Фото: gismeteo.ru

Ертіс өңірінде болған табиғи өрттен келген шығын көлемі 118 миллион теңгені құрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл аймақта 154 жану оқиғасы тірелген. Ең ірі өрт Баянауыл ұлттық табиғи паркінің аумағында орын алды. Қызыл жалын орман алқабының 50 гектарын шарпыған. Соның салдарынан қоршаған ортаға 96 млн теңге шығын келді. Жалпы Баян өлкесінде жаз мезгілінде 18 өрт оқиғасымен күрес жүргізілген. Мамандардың айтуынша, оттың тұтануына шабындық жерлерді қасақана жағу және туристердің салғырттығы себеп. Жергілікті атқарушы органдардың өртпен күрестегі ұйымшыл болмауы да алаңдатады. Мәселен, Май ауданындағы өрт жеті күнге созылып, салдарынан бірнеше мың гектар жанып кетті. Орманшылардың хабарлауынша, өртенген аумақтың басым бөлігі орман болған. Облыста соңғы күндері ауа температурасы төмендеп, өрт қаупі сезілген. Дегенмен, алдағы күні қайта ысуына орай сақтық шаралары күшейтіледі. 

Қайрат Әбілбаев, Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:

- Төрт орман өрті бойынша күдікті тұлғалар анықталды. Деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Орман қорғау мекемелері бойынша 13 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды. Өрт болған аумақтарда жануарлардың өлімі тіркелген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы