387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Синоптиктер Ресеймен шекаралас аймақтардың радиациялық аясын тексерді

  • 283
  • UPD: 07:27, 22.08.2019
Синоптиктер Ресеймен шекаралас аймақтардың радиациялық аясын тексерді

Синоптиктер Ресей елімен шекаралас аймақтардың радиациялық аясын тексерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге сала кетейік, 8 тамыз күні Архангельск облысындағы әскери полигонда сынақ кезінде жарылыс болған еді. Төтенше жағдайдан кейін әлеуметтік желілерді радиоактивті бөлшектер Қазақстанға таралуы мүмкін деген ақпарат тарады. Бұл ретте «Қазгидромет» мамандары еліміздің 6 өңірінде мониторинг жүргізді. Оның қорытындысы бойынша қауіпті заттардың көтерілуі анықталған жоқ. Мәселен Солтүстік Қазақстан облысында күнбе-күн арнайы дозиметрмен Петропавл, Булаев және Сергеевка қалалаларында тексеріс жүргізілді.

Саягүл Оразова, «Қазгидромет» МКК СҚОФ инженер-химигі:

- Тамыз айында радиациялық қуаттылық сағатына 0,10 мен 0,16 аралығында болды. Қалыпты мөлшер 0,57. Сондықтан жағдай тұрақты.

Хабар 24 телеарнасы