387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында орман және дала өрттері өршіп тұр

  • 174
  • UPD: 08:18, 22.08.2019
Алматы облысында орман және дала өрттері өршіп тұр

Алматы облысында биыл 6 дала және 18 орман өрті болды.

Соның салдарынан 2300 гектар жер өртеніп, мемлекетке 3,4 млн теңгеден астам шығын келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

3 адам қаза тауып, 7 адам түрлі дәрежедегі дене жарақатымен ауруханаға түскен. Өткен жылмен салыстырғанда, өрттің 17%-ке төмендегені байқалады. Дегенмен, Жетісу өңірінде жыл басынан бері мыңға жуық өрт оқиғасы болыпты. Қызыл жалынның құрсауында қалған 5 адам құтқарылып, 915 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Өрт сөндірушілер жалпы құны 60 млн теңге болатын дүние-мүлікті аман алып қалды. «Тілсіз жау биыл 12 адамның өмірін жалмады. Сондықтан өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау керек», - дейді Алматы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің қызметкерлері.

Азамат Жұртбаев, облыстық ТЖД ресми өкілі:

- Алматы облысы аумағында жыл басынан бері 543 құрғақ шөптің жану фактілері тіркелген. 6 дала өрті және 18 орман өрті тіркелген. Орман өрті жануының көлемі 301 гектар құрады. Құрғақ шөптің жануы 800 гектардан астам. Дала өртінің аумағы 1261 гектарды құрап отыр. Алматы облыстық ТЖД қызметкерлерімен осы дала, орман өрттерінің алдын алу мақсатында СКЛ түсіндіру жұмыстары атқарылуда.

Хабар 24 телеарнасы