387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар ASAR ІІІ республикалық форумы басталды

  • 142
  • UPD: 10:01, 22.08.2019

Павлодар облысында үкіметтік емес ұйымдар, бизнес-қауымдастық және мемлекеттің үшжақты ынтымақтастығының «Асар» форумы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осымен үшінші рет өтіп жатқан дәстүрлі шараға қоғамдық бірлестікер, кәсіпкерлік мен мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды. Басты мақсат - қоғам өмірін жақсарту бағытында күш біріктіру. Форум аясындағы әлеуметтік байқауда 100 жоба үздік деп танылды. Бұлардың барлығы көпшілікке таныстырылады. Екі күндік шара Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің базасында өтіп жатыр. Бүгінде жоғары оқу орны әлеуметтік және бизнес жобаларды жүзеге асыруға студенттерді белсенді тартуда. Мәселен, оқу орны базасында «Кәсіби әлеуметтік жұмысшылардың ұлттық альянсы» ұйымының филиалы құрылды. Бұл - еліміздегі алғашқы бірлестік.

Самал Антикеева, «Кәсіби әлеуметтік жұмысшылардың ұлттық альянсы» ҚБ облыстық филиалының жетекшісі:

- Біз салалық білімі жоқ әлеуметтік жұмысшылар үшін курстар өткіземіз. Алғашқы шара университет қабырғасында ұйымдастырылды. Басты мақсатымыз - әлеуметтік қызметшілердің беделін арттыру, кәсіби тұрғыдан дамытуға атсалысу.

Дархан Қаржаубай, С.Торайғыров атындағы ПМУ әлеуметтік мәселелер департаменті басшысының орынбасары:

- Павлодар мемлекеттік университеті облыс бойынша жоғары білім саласындағы флагман болып саналады. Біріншіден, ол студенттерді жұмысқа орналастыру. Екіншіден, ол университеттің ішінде білім үдерісінде дайын жобаларды жүзеге асыру. Сол үдеріске студенттер бірінші курстан бастап қосылады.

Хабар 24 телеарнасы