385,90 427,70 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада 1 мың адамның салықтық қарызы кешірілді

  • 188
  • UPD: 15:15, 22.08.2019
Елордада 1 мың адамның салықтық қарызы кешірілді

Нұр-Сұлтан қаласында 1 мың адамның салықтық қарызы кешірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың жалпы берешегі 30 млн теңгені құраған. Бұл - жер, көлік, корпоративтік табыс және қосымша құн салықтарынан жиналған өсімпұлдардың сомасы. Бүгінде елордада 114 мың азамат бюджетке 2,2 млрд теңге берешек. Олардың ішінде ең көп қарызданған тұрғынның төлеуі тиіс салық көлемі 9 млн теңгеге жуық. Оның осыншама көлемде өсімпұлы және бар.

Айта кеткен жөн, қазақстандықтар салықтық қарызының бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтынан тексере алады.

Азат Есмағамбетов, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы:

- Адам берешегін төлесе, өсімпұлы кешіріледі. Сонымен бірге амнистия 31 желтоқсанға дейін болады. Осы уақытқа дейін төлесе, өсімпұл толық кешіріледі. Бұдан кейін кешірілмейді.

 

 

Хабар 24 телеарнасы