387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда сел жүру қаупі бар аудандарды ауыз сумен қамту қалпына келтірілді

  • 277
  • UPD: 16:38, 22.08.2019
Алматыда сел жүру қаупі бар аудандарды ауыз сумен қамту қалпына келтірілді

Алматыда сел жүру қаупі бар деген Наурызбай ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«22 тамызда Наурызбай ауданындағы Құрамыс, Таусамалы және Қарғалы ықшам аудандарының тұрғындары үшін суық су қайта берілді. Қарғалы өзеніндегі су тазарды. Бұл сүзгі станциясының жұмысын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта суды тазартудың барлық кешені жұмыс жасауда. Суды залалсыздандыру, су қабылдау қондырғылары ретке келтірілуде», -  делінген «Алматы Су» хабарламасында Коммуналдық қызмет қосымша өзен арнасын, сүзгілерді, тұндырғышты және сумен жабдықтау желілерін тазарту бойынша жұмыстар жүргізді. А

уыз су барлық тұтынушыларға кешке дейін  жетеді. Қазір қысымды сынау және су қысымын реттеу жүргізілуде. «Су тоқтатылған уақыттан бастап «Алматы Су» кәсіпорыны  аудандағы су есептегіштері жоқ тұтынушыларға төлем жасау үшін, қайта есептеп береді», - деді компания.

Еске салсақ, Алматыда сел жүру қаупінен кейін үш шағын аудан ауыз сусыз қалған еді.

Хабар 24 телеарнасы