389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Байқоңырдан «Союз МС-14» ғарыш кемесі ұшырылды

  • 197
  • UPD: 16:55, 22.08.2019
Байқоңырдан «Союз МС-14» ғарыш кемесі ұшырылды

Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-14» ғарыш кемесі бар «Союз-2.1А» зымыран тасығышы ұшырылды.

Көліктік басқарылатын кеме Халықаралық ғарыш станциясына экипажсыз аттанды. Оның бортында тек робот пен тиелген жүк қана бар. Кеме сәтті ұшырылған. Ол атмосферадан асып, бөліну сатылары штаттық режимде өтті.

Айта кету керек, «Союз-2» зымыраны «Союз МС» кемесімен бірге алғаш рет ұшырылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы