386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлытауда ауыл жастарының форумы өтіп жатыр

  • 156
  • UPD: 18:28, 22.08.2019

Ұлт ұясы Ұлытауда халықаралық ауыл жастарының форумы өтіп жатыр. 

Шараға Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және еліміздің 13 өңірінен қонақтар келді. Шамамен 200 адам қатысуда.  Форумның басты тақырыбы – ауыл жастарының сапалы білім алуына, жұмысқа орналасуына жағдай жасау. Кез келген бастамаларына қолдау көрсету. Қазір кәсіп ашамын деген жастарға мемлекет тарапынан қолдау көп. Алайда сол көмекті алудың тетіктерін көпшілігі біле бермейді, мемлекеттік бағдарламалардан бейхабар. Сондықтан келешекте ақпараттандыру жұмыстарына басымдық берілмек.

Нұржан Жетпісбаев, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

- Алты мемлекет жастары арасында арнайы қарар қабылданатын болады форум аясында, аяқталуы бойынша. Сонымен қатар жас кәсіпкерлікті дамыту бойынша арнайы меморандум мен келісімдерге қол қою көзделіп отыр. Тәжірибе алмасу, сөзсіз. Гранттарды беру. Сосын біздің мемлекетіміздегі қолдау шараларын басқа мемлекеттерге түсіндіріп, осы салада тәжірибе алмасу қазір біздің тарапымыздан көзделіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы