386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде қоғамдық екі әжетхана құны 18 млн теңгеге бағаланды

  • 132
  • UPD: 18:35, 22.08.2019

Семейдің көшелерінде жалпы құны 18 млн теңге болатын екі әжетхана пайда болуы мүмкін.

Шаһар басшылығы оларды адам көп жүретін қоғамдық орындарға қоймақшы. Заманауи үлгідегі дәретханалар салынған жағдайда оларды қолдану ақылы болады. Алайда бағасы әзірге белгісіз. Жауапты мамандар бұл нысандарда жылу жүйесі болатынын айтып отыр. Яғни қысы-жазы қолданысқа жарамды. Айта кету керек, қала аумағында әзірге бір ғана тегін әжетхана бар. Оның өзі Ертіс өзенінің жағасында тұр.

Асан Дүйсембаев, қалалық ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі: 

- Бұл жобалар жуық арада павильон түрінде жүзеге асуы мүмкін. Мұнда дәретхана және қызметшілерге арналған екі есік болады. Әжетханалардың оң және сол бөлігі мүмкіндігі шектеулі тұрғындар үшін арнайы сантехникамен жарақтанған.

Хабар 24 телеарнасы