386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада отбасылық денсаулық орталығы ашылды

  • 122
  • UPD: 18:20, 22.08.2019
Елордада отбасылық денсаулық орталығы ашылды

Елордада «Дәрігер үйде» жобасы аясында отбасылық денсаулық орталығы салтанатты түрде ашылды.

Мұнда 18 мың азаматқа медициналық көмек көрсетіледі. Ақылы негіздегі ем-дом шаралары да жүргізіледі. Орталық өз жұмысын жыл басында бастады. Алғашында нөмірі 5-ші қалалық емхана ғимараты жалға алынған. Ал жаңа нысанда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ыңғайлы кіреберіс жолдары мен пандустар қарастырылыпты. Емдеу орталығында жұмыс кестесі, тіркеу, қабылдау, үйге дәрігер шақыру жайындағы ақпарат беретін киоск орнатылған. Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін дәріхана бар. Емделушілерге қолайлы болу үшін тегін рецепттер 3 айда бір рет беріліп отырады. Ал ұзын-сонар кезекті қысқарту үшін орталық жұмысының сағаты 20:00-ге дейін ұзартылған.

Әлия Рүстемова,  қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Биыл осындай 7 нысанды аштық. Тамыз айында тағы екеуі пайдалануға беріледі. Жыл соңына дейін екі нысанды ашамыз. Бұл жоба жеке инвесторлардың қолдауымен жүзеге асырылуда. Бүгін ашылып жатқан орталықта Көктал ауданының тұрғындарына қызмет көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы