387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


С.Нұрмағанбетов атындағы «Жас Ұлан» мектебінің оқушылар қатары толықты

  • 150
  • UPD: 18:35, 22.08.2019
С.Нұрмағанбетов атындағы «Жас Ұлан» мектебінің оқушылар қатары толықты

Елордадағы Сағадат Нұрмағанбетов атындағы республикалық «Жас Ұлан» мектебі 237 оқушымен толықты.

Енді олар 10-11-шы сыныптарды әскери бағыт бойынша оқытатын білім беру мекемесінде жалғастырады.  Биыл бұл оқу орнына түсу үшін 400-ден астам үміткер құжат тапсырыпты. Қабылдау сынақтары 4 кезеңнен тұрады. Алғашқысы – психологиялық тестілеу. Екінші кезең – пәндік сынақ. Бұдан соң, үміткерлер спорттық норматив тапсырып, соңында мандаттық комиссияның шешімін күтеді. Мектеп өкілдерінің айтуынша, сынақ барысы бейнекамералар арқылы бақыланып отырған. Биылғы жылдың тағы бір жаңалығы –  енді республикалық әскери мектептердің түлектері еліміздегі әскери жоғарғы оқу орындарға емтихансыз түсе алады. Айта кетейік, Қазақстанда мұндай 4 мектеп бар.  

Тілеухан Басқожаев, С.Нұрмағанбетов атындағы республикалық  «Жас Ұлан» мектебінің бастығы:

- ҰБТ тапсырады, ел қатарлы тапсырады. Оның нәтижесі де қарастырылады. Бірақ жоғарғы әскери оқу орнына барған кезде олар тек қана әскери-медициналық дәрігерлік комиссиядан өтеді. Сол жеткілікті болып табылады. 

Медет Құлыбеков, талапкер Д.Секеновтың әкесі:

- Заң бұзушылық болған жоқ. Сол үшін бізді, ата-аналарды бақылаушы ретінде кіргізді. Бақыладық, көрдік, көзім жетті. Көзімнің жеткені - әр ата-ана баласына жамандық ойламайды ғой. Көзімнің жеткендігінен осы жерге беріп отырмын.

Хабар 24 телеарнасы