386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тальгодағы әйел зорлығы бойынша айыпталушылар кінәсін мойындамай отыр

  • 139
  • UPD: 21:05, 22.08.2019

«Нұрлы жол – Ақтөбе» жолаушылар пойызында әйел зорлау оқиғасы бойынша бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалды.

Бүгін Қостанай облыстық соты жәбірленуші мен бас көлік прокуратурасының аппеляциясын қарастырды. Ол күдіктілерді екі жарым жылға емес, алты жарым жылға бас бостандығынан айыру керек дегенге негізделген. Дегенмен, сот барлық айғақтар толық зерттелмегенін алға тартып, істі прокуратураға қайта жолдады.

Данияр Сұлтан, тілші:

- Түнде пойыз купесіне кіріп, ақтөбелік аруды зорлады деген күдікке ілінген жолсеріктерге қатысты сот үкімі 26 шілде күні шығарылған. Сол кезде Қостанай қалалық нөмірі екінші соты Жетес Үмбеталив пен Қолғанат Құрманияздың әрқайсысысн 2,5 жылға бас бостандығынан айырған. 

Бірақ  соттың бұл шешімі жәбірленуші тараптың көңілінен шықпады. Олар тым жеңіл жаза тағайындалғанын мәлімдеді. Прокурор топтық зорлау бабы бойынша күдіктілердің әрқайсысына 6,5 жылдан мерзім сұраған болатын.   

Асламбек Мерғалиев, облыстық  сотының төрағасы:

- Сотталған Құрманияздың қорғаушысы адвокаттар Қосаева мен Шадиннің аппеляциялық шағымдары қанағанттандырусыз қалдырылсын. Қостанай көлік прокуроры Жаныспаевтың қолдау хаты қанағаттандырусыз қалдырылсын. Үмбеталиев пен Құрманиязға қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасы ҚР қылмыстық процестік кодексінің 152-ші бабының 8-бөлігіне сәйкес істі прокурор алған кезден бастап, бір ай мерзімге ұзартылсын.

Демек, сот бұл жерде жолсеріктердің бұрын-соңды сотталмағаны, тұрғылықты жері бойынша оң сипаттама алғаны және біреуінің екі баласы бар екені ескеріп отыр. Сондықтан жаза жеңілдетілген.

Данияр Сұлтан, тілші:

- Айта кетеу керек, айыпталушылар қылмысын әлі күнге дейін мойындаған жоқ. Енді олар екі жарым жыл Құсмұрын колониясында жазасын өтейді. 

Данияр Сұлтан  Ермек Мұхамедияров

Хабар 24 телеарнасы