385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлытаудағы форумда жастарға қайтарымсыз қомақты грант берілді

  • 187
  • UPD: 21:03, 22.08.2019

Ұлт бесігі - Ұлытауда ауыл жастарының халықаралық форумы өтіп жатыр. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған ауқымды шараға 6 мемлекеттің өкілдері жиналды.

Ардақ Асылханұлы, тілші:

- Қарағанды облысының әр ауылынан келген 10 азамат жаңа ғана 10 миллион теңге қайтарымсыз қаржы алды. Аймақ басшысының белсенді жастар үшін тағайындаған арнайы гранты ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жұмсалмақ. Енді бұл қаржыға жастар автокөлік жөндеу шеберханасы, наубайхана, асхана, жылыжай секілді көптеген нысанды іске қоспақ.

Сая Олжатай, жас кәсіпкер:

- Ауылда 50 адамдық асхананы салуға жұмсаймын 1 миллион теңгені. Өзімде наубайхана бар, соған қоса асхананы ашамын. Қондырғылар, құрал-жабдықтар аламын.

Ардақ Асылханұлы, тілші:

- Форумның алғашқы күні алты мемлекеттің делегаттары пікірталас алаңына жиналып, ауыл жастарының ең өзекті деген мәселелерін талқылады. Басты мәселе қырдағы қыз-жігіттердің сапалы білім алып, жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету. Қазір ауыл арасында талантты жастар өте көп, тек солардың қабілетін дұрыс пайдалану керек дейді жиынға қатысқандар. Айта кетейік, форум үш күнге жалғасады. Ертең қонақтар биіктігі 1300 метр болатын Әулие тауына шығып, достықтың нышаны ретінде ту тігеді.

Хабар 24 телеарнасы