385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Сарыарқа» газ құбыры елордаға қазан айына дейін тартылады

  • 152
  • UPD: 22:38, 22.08.2019

Қазір құрылыс жұмыстарының 75 проценті аяқталған. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде белгілі болды.

Құбыр тарту жұмыстары қазір Қарағанды мен Ақмола облыстарының аумағында жүріп жатыр. Ахметжан Есімов құрылыс барысын оң бағалап, барлық жұмысты уақытылы аяқтауды тапсырды. 

Сағидулла Мақашев, «АстанаГаз ҚМГ» АҚ Бас директоры:

- Осы жылдың 10 қазанына дейін желілік бөліктерде дәнекерлеу жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Ал 31 желтоқсанға дейін «Сарыарқа» газ құбырын іске қосу үшін қажетті жұмыстардың барлығын бітіруіміз керек.  Содан соң осы құбырлар арқылы газ беруге дайын боламыз. Ал ішкі желілердің құрылысына біз жауапты емеспіз. Бұл жергілікті билік өкілдерінің міндеті. Яғни қаланың ішінде газ жүргізумен жергілікті әкімдік айналысады.

Хабар 24 телеарнасы