387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында ЖОО-да жемқорлықпен күрес күшейтілді

  • 137
  • UPD: 22:37, 22.08.2019
Жамбыл облысында ЖОО-да жемқорлықпен күрес күшейтілді

Жамбыл облысындағы жоғарғы оқу орындары мен кәсіптік білім беру ұйымдарында жемқорлықпен күрес күшейтілді.

Өңірде жыл басынан бері студенттер арасында екі кезеңнен тұратын кешенді сауалнама жүргізілген. Оған 6 мыңнан астам адам қатысып, 3 жоғарғы оқу орны мен бірқатар колледждер қамтылды. Нәтижесінде 204 студент білім ордаларында сыбайлас жемқорлық деректерінің бар екендігін көрсеткен. Тіпті мұғалімдердің аты-жөні ашық аталған жағдайлар да кездесіпті. Енді мамандар оқу үдерісіне жіті мән беріп, білім саласындағы жаңағыдай келеңсіздіктерді жоюға күш салып жатыр.  

Дәурен Омаров, ҚР СЖҚІҚ Агенттігінің облыс бойынша департаментінің алдын алу және парасаттылық басқарма басшысының м.а:

- Экзаменге қатысатын сұрақтардың әзірленуі. Оған арнайы печать басылуы. Әрі қарай ол конверттің ашылуы. Студенттерге таратылуы деген сияқты. Сол процестің барлығында тиісті бақылау жұмыстары жүргізлді. Соның нәтижесі бойынша былтырғы жылы 78 пайыз студент өте жақты деген баға алған болса, биыл 48 пайыз өте жақсы деген баға алды. Суденттердің санына емес сапасына жұмыс істеу мәселесін көздейді.

Хабар 24 телеарнасы