385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында құрылыс барысы қарқындады

  • 143
  • UPD: 23:43, 22.08.2019

Мұнайлы өлке Атырау облысының Индер ауданында құрылыс қарқынды. Бір ғана «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында елді мекендердегі 22 шақырым көшеге асфальт төселіп, аудан орталығындағы 31 көп қабатты үйдің ауласы абаттандырылуда.

Ал орта білім беретін мектептерге қосымша нысан салынып, ауыл шаруашылығы бағытындағы көп салалы колледждің студенттері үшін 100 орындық жатақхананың құрылысы жүріп жатыр. Халықты тұрғын үймен қамту жұмыстары да жоспарға сай орындалуда. 

Индер ауданы облыстың қарышты дамып келе жатқан өндірісті әрі ауылшаруашылығы бағытындағы өңірлерінің бірі. Ауылдық-елдімекендерге бөлінген қаражаттың арқасында қазір аймақта қыруар құрылыс нысандары жүргізілуде. Соның бірі 50 жылдан бері жөндеу көрмеген орталық саябақ қазір бүгінгі заман талабына сай жаңғыртылу үстінде.  

Марат Құмаров, мердігер мекеменің бас инженері:

- Кісінің санын айдың аяғына дейін 100-120 дейін апарамыз. Кем дегенде 120 адам жұмыс істейді. Неге десеңіз бізге қазір Алла тағала болысып тұр бұйыртса сентябрь-октябрь айларына дейін нобай жұмысты бітіреміз деп отырмыз. 90-95 процентін октбярдің аяғына дейін. Ар жағында бізге тек қана аязға қатысы жоқ жұмыстар ғана қалу керек өйткені ары қарай жаңбыр жауса біздің жағдайымыз қиындай түседі. Соған дейін бітіреміз мен өзім де антымды беремін.

Аудан орталығының көшелерінен бөлек тұрғын үйлердің аулалары да абаттандырылуда. Оған қоса биыл 60 пәтерлік отыз тұрғын үй көп балалы отбасыларға берілмек.    

Көше де жасалып, үйлерде тұрғызылып жатыр биыл жалпы жасалып жатқан жұмыс өте көп оны халық біліп отыр, көріп отыр, жалғасын таба берсін дейміз

Бақытжамал Хасанова, Индер кентінің тұрғыны:

- Бұрын енді көшеміз ой шұңқыры көп болып, ремонт талап ететін соны бәрі жасалып жатыр. Біраз жұмыс атқарылып жатыр, нәтижесін көріп жатырмыз көшеміз түзеліп жатыр, ауылымыз көркейіп жатыр. Қуаныштымыз, тұрғын ретінде рахметімізді айтамыз еңбек етіп осындай дәрежеге жеткізіп жатқандарына әлі де көркейе түседі деген ойдамыз.

Сонымен қатар қазір аудан орталығында 192 пәтерлік төрт тұрғын үй және 80 пәтерлік тағы бір үйдің құрылысы жүріп жатыр. Бұл нысандар келер жылы қолданысқа беріледі. Ал орталық саябақ, мектептердегі жапсаржай, музыка мектебі, 100 орындық колледж жатақханасы осы жылдың қазан-қараша айларында қолданысқа беріледі

Авторлары: Бекен Әлирахым, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы