386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2020 жылға дейін жүзден астам кәсіпорында цифрлық технология енгізілмек

  • 131
  • UPD: 23:35, 22.08.2019
2020 жылға дейін жүзден астам кәсіпорында цифрлық технология енгізілмек

2022 жылға дейін 100-ден астам ірі және орта кәсіпорынға цифрлық технологиялар енгізу жоспарланып отыр.

Қазір облыстық әкімдіктер сандық модернизациядан өтетін 90 өндіріс ошағын белгілеп қойды. Солардың бірі алтын өндіретін компания. Мұнда іске асып жатқан 19 жобаға жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асатын инвестиция тартылды. Кәсіпорын бүкіл кен орындарын Вай-Фай желісімен қамтыған. Осылайша 180-520 метр тереңдікте жатқан шахталарда интернет жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек диспетчерлік қызмет те цифрландырылды. Енді тау-кен жұмыстарын, адамдар мен техниканы монитор арқылы бақылауға болады. 

Ернар Саржанов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі басқарма басшысы:

- Тау-кен өнеркәсібінің жүйе құраушы кәсіпорындары цифрландыру бойынша нақты жобаларды жүзеге асыру туралы айтсақ, 2025 жылға дейін іске асыру жоспарланғанын атап өту қажет. Егер 14 жоба болса, қазіргі таңда 38 жоба жоспарланған. Бұл бизнестің өндіріске сандық технологияларды уақытылы енгізу өз бетінше орын алғанын білдіреді.

Хабар 24 телеарнасы