386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте «ақылды» тұрақ жобасы кері қайтарылды

  • 120
Шымкентте «ақылды» тұрақ жобасы кері қайтарылды

Шымкент көшелерінде «ақылды» көлік тұрақтарын орнату бойынша жоба қайта жетілдіру үшін кері қайтарылды.

Интеллектуалды жүйе қаланың көлік қозғалысы жоғары көшелерінде пилоттық режимде қолданылған. «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының хабарлауынша, жоба тұрғындар арасында наразылық туғызып, күткен нәтиже бермеген. Сол себепті жобаны қайта қарау шешімі қабылданған. Жобаны қолданысқа қайтадан енгізу мерзімі нақты айтылмағанымен, түпкілікті бас тартуға негіз жоқ дейді мамандар. Айта кеткен жөн, мегаполисте бірыңғай тұрақ жүйесін енгізу мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде қолға алынған. «Қалада көлік тұрағы мәселесі өзекті болып тұр. Шымкентте заңыз тұрақтар көп. Бұл келеңсіздіктермен күресу әзірге нәтижесіз», - дейді «Шымкент» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Әбілсейіт Рабаев. Енді «ақылды» тұрақ жобасын қайта қарастыру кезінде тұрғындардың да пікірі ескерілмек.

Әбілсейіт Рабаев, «Shymkent» ӘКК басқарма төрағасы:

– Біз қаланың тұрғындарының да, олардың пікірлерін есепке алуымыз керек. Өйткені кейбір автотұрақтар әлеуметтік нысандардың, оның ішінде аурухана, басқа да мемлекеттік нысандарда олардың алдындағы барлық автотұрақтарда тиісті деңгейде жұмыстар атқарылмаса, осы Шымкент қаласының тұрғындарының, келушілердің, теріс пікірлеріне қол жеткізу дұрыс болмайды.

Хабар 24 телеарнасы