387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда тоқтап қалған 12 қабатты тұрғын үйдің құрылысы қайта жанданды

  • 99
Петропавлда тоқтап қалған 12 қабатты тұрғын үйдің құрылысы қайта жанданды

Петропавлда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынбай қалған 12 қабатты тұрғын үйдің құрылысы қайта жанданды.

Қазір жаңа мердігер ұйым белгіленіп, келісімшарт жасалды. «Жас өркен» ықшам ауданында бой көтеріп жатқан нысан өткен жылы пайдалануға берілуі тиіс еді. Алайда құрылысшылар қаржылық қиындықтарға тап болып, жұмыс жарты жылға тоқтап қалды. Енді оны басқа компания аяқтайды. Бұл мақсатқа 1,1 млрд теңге бөлінген. Ал бұрынғы мердігерге айыппұл салынды. Жалпы қалада қазір 11 тұрғын үй салынып жатыр.

Серік Сабралин, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

– Былтырғы жылы 1 млрд 200 млн ақша бөлінген. Оның 780 млн-ы ғана игерілді. Сондықтан игерілмеген ақшаның құны бойынша айыппұл салынды. 143 млн теңге.

Хабар 24 телеарнасы