385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлытауда халықаралық ауыл жастарының форумы жалғасуда

  • 129
Ұлытауда халықаралық ауыл жастарының форумы жалғасуда

Ұлытауда халықаралық ауыл жастарының форумы әлі жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан ауқымды шараға 6 мемлекеттің өкілдері қатысып жатыр. Ал Қарағанды облысының әр ауылынан келген 10 азамат 10 миллион теңге қайтарымсыз қаржы алды. Аймақ басшысының белсенді жастар үшін тағайындаған арнайы гранты ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға жұмсалмақ. Форумның алғашқы күні алты мемлекеттің делегаттары пікірталас алаңына жиналып, ауыл жастарының ең өзекті деген мәселелерін талқылады. Басты мәселе – қырдағы қыз-жігіттердің сапалы білім алып, жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету. Қазір ауыл арасында талантты жастар өте көп, тек солардың қабілетін дұрыс пайдалану керек, - дейді жиынға қатысқандар. Айта кетейік, форум үш күнге жалғасады. Осы уақыт аралығында қатысушылар биіктігі 1300 метр болатын Әулие тауына шығып, достықтың нышаны ретінде ту тігеді.

Хабар 24 телеарнасы