387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Nur Otan партиясы жаңа бағытқа бет бұрды

  • 146
  • UPD: 14:32, 23.08.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам - «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» бағдарламасы – саяси ұйымның жұмысын жандандыра түседі.

«Бұл қоғамды ортақ мүддеге жұмылдырып, өзекті мәселелерді бірлесе шешуге мүмкіндік береді», - дейді солтүстікқазақстандық бастауыш партия ұйымдарының өкілдері. Олардың айтуынша, жаңа бағыт халыққа жақын болуға бет бұрыс жасайды.

Сәкен Амрин, Мағжан Жұмабаев аудандық ауруханасы бастауыш партия ұйымының төрағасы:

– Біздің бастауыш партия ұйымында 100 шақты адам бар. Олар халықпен етене жұмыс істеп, жеке мәселелерін шешуге тырысады. Тұрғындар әр түрлі сұрақтармен шағымданады.

Хабар 24 телеарнасы