385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында «Мектепке жол» акциясы өтіп жатыр

  • 97
  • UPD: 13:25, 23.08.2019
Павлодар облысында «Мектепке жол» акциясы өтіп жатыр

Павлодар облысының тұрғындары аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларын мектепке дайындауға бір кісідей жұмылған. Қайырымдылық акциясы осы өңірдің барлық елді мекенінде өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Тек облыс орталығының өзінде екі мыңнан астам оқушыға қаржылай қолдау көрсетілді. Бұдан бөлек оларға сабақ және спортқа арналған киім-кешек пен кеңсе тауарларына лық толы сөмкелер үлестірілді. Шара аясында дәстүрлі жәрмеңке де өткізілді. Оған келген жеткіншектер өзіне ұнаған бұйымдарды таңдап алды.

София Пурчел, оқушы:

– Мектеп формасы мен аяқ киімді өзім таңдап алдым. Әрқайсының өлшемі бойыма дәл келіп тұр. Барлығы да көңілімнен шықты.

Александр Свидерский, ЖОО проректоры:

– Қазіргі уақытта 15 жеткіншекті киіндіріп жатырмыз. Әрқайсына мектеп формаларынан бөлек сөмкелер де беріледі. Яғни, олар сабаққа баруға дайын деген сөз.

Әсел Бейсембаева, қалалық прокуратураның аға прокуроры:

– Осы акцияға қалалық прокуратура мен құқықтық қызмет көрсету орталығының мамандары да белсене атсалысуда. Жанымызда аймақтық әскери-патриоттық тәрбие беру қауымдастығының өкілдері де жүр. Жағдайы төмен отбасылар қоғамдық қабылдауға жиі жазылады. Яғни, олардың жай-күйі бізге жақсы таныс. Қолдан келгенше көмек беріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы