387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шығысқазақстандық жастар киелі жерлерді насихаттаудың тың жобасын бастады

  • 104
Шығысқазақстандық жастар киелі жерлерді насихаттаудың тың жобасын бастады

Шығысқазақстандық жастар ұйымының жетекшілері өлкедегі киелі жерлерді насихаттаудың тың жобасын бастады.

Олар елдегі студенттер мен блогерлердің басын қосып, Ұлы Абай мен Шәкәрімнің туған өлкесіне саяхат жасайтын экскурсиялық топ құрды. Дәл осы жастар Алтай тауларына да шығып, тамашалап қайтты. Сонымен қатар патриот өрендер Қатонқарағай ауданы мен Тарбағатай даласындағы тарихи қорымдарды бірлесе аралап шықты. Ал бүгінгі күні белсенді топ жаңа туристік бағытты межелеп, жолға шығудың жай-жапсарын ақылдасуда. Өйткені кезекті саяхат халықаралық деңгейде өтеді. Бұл жолғы сапарға олар шетелдік замандастарын да шақыруды жоспарлап отыр. Осылайша өлке жастары Елбасы бастамасымен қолға алынған «Сакралды Қазақстан» жобасының негізгі мүддесінің орындалуына үлес қоспақ.

Маржан Бақыт, облыстық «Жас Отан» жастар қанаты филиалының төрағасы:

– Бұл тұрғыда жастардың жас блогерлердің маңызы зор, себебі бұл бағдарлама облысқа туристерді тарту, ол экономиканың дамуына да үлес қосады, сондықтан біз оны жақсы түсінеміз. Барлық жағынан қолдауға тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы