386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда әлемнің жетекші хирургтері бас қосты

  • 101
  • UPD: 17:45, 23.08.2019
Ақтауда әлемнің жетекші хирургтері бас қосты

Дәлірек айтсақ, қазіргі уақытта орталық ауруханада кешенді іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның аясында Қазақстан және Үндістан, Украина мен Ресей мамандары өзара тәжірибе алмасады. Екі күндік симпозиумда, негізінен, көкірек қуысына күрделі емдік шараларды жасау амалдары талқыға түседі. Кейбір сырқат белгілерін клиникалық деңгейге жеткізбеу жолдары да сөз болады. Бастысы, дәрігерлер күрделі операцияларды бірлесе жасайды. Алдағы тәулікке алты операция жоспарланып отыр. Барлығы да аймақтағы медициналық мекемелерге онлайн көрсетілмек.

Болатбек Қайыпов, орталық аурухананың директоры:

- Симпозиум аясында облысымызда бұрын-соңды болмаған күрделі емдік шаралар жасалады. Бұл операцияларға біздің мамандарымыз да қатысады. Жүрек-тыныс алу жүйесі бойынша өлім-жітім республика аумағында алдыңғы орында келеді. Олардың алдын алу үшін әлемдік тәжірибеге сүйенуіміз қажет

Хабар 24 телеарнасы