386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде автобустар электронды билетке көшпек

  • 133
  • UPD: 18:05, 23.08.2019
Семейде автобустар электронды билетке көшпек

Әзірше валидаторлар сынақ түрінде енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пилоттық жобасы күзде іске қосылады. Болжам бойынша электрондық билеттер қаладағы екі қоғамдық көлікте орнатылады. Аталған бастама табыс көзін көлеңкелі айналымнан шығаруға және автобустағы нақты жолаушылар ағынын анықтауға мүмкіндік бермек. Қазір мамандар инвесторлар іздестіріп жатыр.

Серікқали Жұманов, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

- Сайып келгенде, қазір жүйені сынақтан өткізіп жатқан компаниямен келісімге отырамыз. Мақсатымыз - оны енгізу барысында мемлекет шығынына жол бермеу. Жеке инвестор өз қаражатын құйып, оны билет үшін төленетін ақшадан қайтарады. Өз кезегінде, жол ақысы қымбаттамайды.

Хабар 24 телеарнасы