387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында әскери қызметші парашютпен секіру кезінде қаза тапты

  • 160
  • UPD: 18:04, 23.08.2019
Алматы облысында әскери қызметші парашютпен секіру кезінде қаза тапты inform.kz

Қайғылы жағдайға қатысты бүгін ҚР Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді.

«22 тамызда Қапшағай қаласында әскери қызметшілер Ми-17 тікұшағынан парашютпен жоспарлы секіруді орындады. Полковник С.С. Алдынғұров шамамен 200-250 метр биіктіктен секіру барысында қауіпсіздік техникасын бұзғандықтан негізгі парашюті ағытылып кеткен. Әскери қызметші қосалқы парашютті қолданған, бірақ биіктіктің жеткіліксіздігінен парашют ашылып үлгермеген. Соның салдарынан полковник Алдынғұров қаза тапты», – делінген министрліктің мәліметінде.

Ведомство жариялаған ақпаратқа сәйкес, парашюттен секіру жаттығулары жауынгерлік даярлық жоспарына сай жүргізілген. «Секіруге ауа райыда қолайлы болған. Алдынғұров 100-ден аса секіруді орындаған. Соның ішінде, күрделі, ұзаққа созылған, күндізгі және түнгі секірулер бар. Қазіргі уақытта оқиға себептері анықталуда. Әскери қызметшінің қаза болуы факті бойынша «Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау» ҚР ҚК-нің 453-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды», – деді Қорғаныс министрлігінен.

Хабар 24 телеарнасы