387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Браконьерлердің мүлкі тәркіленуі мүмкін

  • 125
  • UPD: 18:43, 23.08.2019
Браконьерлердің мүлкі тәркіленуі мүмкін

Қорықшы, инспекторлар оқ өткізбейтін киім киюі тиіс. Қазір бұл мәселе ішкі істер министрлігінде қаралып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір бұл емес. Табиғатты қорғаушылар травматикалық қару, электрошокер, дрон, кеудеге тағылатын бейнекамералармен қамтылмақ. Көліктеріне дыбыс беретін арнайы құрылғы орнатылады. Тіпті браконерлерден тәркіленетін қаражаттың 30%-ін инспекторларға беру де ұсынылып отыр. Заң жобасы қазір Сенаттың қарауында. Жаңа құжатқа сәйкес заңсыз аң, құс атқандардың дүние-мүлкі тәркіленеді. Бірінші кезекте көліктері алынады. Одан соң ұсталған азамат 7 жылға дейін қамалуы ықтимал. Ал, браконьерлік пиғылмен шекараны кесіп өткен шетелдіктер 5 жылға дейін ел аумағына кіргізілмейді. Бұдан бөлек, Бас прокуратура өкілдері қылмыстық-процессуалдық заңды да қатаңдатпақ.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология, геология және табиғи ресрурстар вице-министрі:

- Киік - Қазақстанның бренді. Әлемдегі киік популяциясының 90%-і біздің елдің аумағында шоғырланған. Бүгінде жерімізде 334 мыңдай киік бар. 2015 жылғы індеттен 150 мыңы қырылды. Әйтпесе, қазір киіктердің саны жарты миллионға жеткен болар еді. 2018 жылдан бері браконьерлер 719 киікті қырып салған. Олардан 501 дана мүйіз тәркіленді. Табиғатты қорғау жолында әріптестерімізден айырылып жатырмыз. Қаңтарда Ерлан Нұрғалиев, шілдеде Қаныш Нұртазинов браконьерлер қолынан қаза болды. Сондықтан заңды, жазаны күшейтеміз.

Хабар 24 телеарнасы