387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда жерлеу қызметімен сыбайлас полицейлер ұсталды

  • 153
  • UPD: 18:43, 23.08.2019
Нұр-Сұлтанда жерлеу қызметімен сыбайлас полицейлер ұсталды

Қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауы тиіс тәртіп сақшылары марқұмдарды жерлеу агенттіктеріне қажетті ақпарат беріп отырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп өз қызметтеріне ақы алып келген. Ал, полициядан мән-жайға қаныққан жерлеу қызметі іле-шала марқұмдардың жақындарына хабарласып, өз қызметтерін ұсынады. Бұл істі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары анықтады. Және бұл бірлі-жарым полиция қызметкері емес, 9 адам. Олардың басым бөлігі Алматы мен Сарыарқа ауданындағы полиция басқармасына қарасты кезекші бөлімдерінің қызметкерлері. Қазір олардың бәрі жұмыстарынан босатылды.

Анар Жарова, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алдын алу департаментінің басшысы:

- Қол астындағы қызметкерлерге тиісті бақылау жасамаған басшылар да жазаға тартылды. Профилактикалық жұмыстың әлсіздігіне байланысты қызметінен қуылған полицейлердің тікелей жетекшілеріне қатаң ескерту жасалды. Қызметтік міндетіне сай болмағаны үшін оларға сөгіс жарияланды. Біздің ойымызша, мұндай келеңсіз істер астанамызда ғана емес, өзге аймақтарда да болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы