385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлеуметтік желілер немесе БАҚ арқылы жалған ақпарат таратқандар заңмен қудаланады

  • 136
  • UPD: 21:16, 23.08.2019

Елімізде жалған ақпарат таратып, БАҚ арқылы жала жапқандарға қатысты жаза қатаңдайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлем елдерінің тәжірибесіне негізделген шара жайлы «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та сөз еткен болатын. Елімізде атаулы әлеуметтік көмек алып отырған азаматтардың 58%-і ауыл тұрғындары. Жалпы бүгінге дейін аталмыш қолдауды 341 мың отбасы көрген. Тағы 70 мыңының өтініші қаралуда. Бірақ атаулы әлеуметтік көмек өмір бойына тағайындалмайды. Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мұқтаждық пен масылдықты шатастырмауға тағы да шақырды. Оның айтуынша, жұмыс істеуге әлеуеті бар азамат үйде жатпай, еңбек ету керек. Кәсіппен айналысып, нәсібін көруге тиіс. Бүгінде 6000 азамат дәл осылай ісін бастап үлгерген. Елге оралған қандастарымыздың да тиесілі әлеуметтік қолдау көрсетілуде.

Мемлекеттің дамуында тәуелсіз журналистердің де ролі орасан. Алайда, халықтың эмоциясын жеке мүддесіне пайдаланып, әлеуметтік желілер не БАҚ арқылы жалған ақпарат таратып, тіпті кей шенеуніктерге жала жауып отырғандар баршылық. Енді оларға қарсы күрес күшейеді. Жаза Қылмыстық кодекстің 130, 274 баптарында көрсетілген. Яғни, жалған жала жапқандарға 2000 АЕК айыппұл салынады. Соттың шешіміне қарай 2 жыл бас бостандығынан айырылу жазасы да қаралуы мүмкін. 274 бап, яғни жалған ақпарат тарату да заңмен қудаланады. Әскери аумақта не төтенше жағдайда жасалған қылмыс үшін ең ауыр жаза 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаралады.

Жалақыдан бөлінуі тиіс қосымша 5% мөлшерінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры да Үкімет назарына алынды. Бастысы, ортақ жауапкершілік жайлы ұмытпау керек.

Автоарлы: Мерей Мұратханқызы, Марат Дихамбаев

Хабар 24 телеарнасы