386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында экотуризм өркендеп келеді

  • 168
  • UPD: 21:18, 23.08.2019

Атырау облысының Құрманғазы ауданы тұмса табиғатымен танымал.

Мұндағы «сексен кесік, сегіз арал» аталған су қойнаулары аң-құсқа толы. Қазір әуесқой аңшылар мен балықшылар үшін таптырмас демалыс орнына айналған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлемде сирек кездесетін лотос гүлдері де осы аймақта өседі. Бірақ инфрақұрылымы нашар, апаратын жолы бұралаң. Жағдай қашан түзеледі?

Атырау облысының Құрманғазы ауданы тұмса табиғатымен туристерді өзіне тартады. Мұндағы «сексен кесік, сегіз арал» деп аталтын су қойнаулары аң-құсқа толы. Бүгінде әуесқой аңшылар мен балықшылар үшін таптырмас демалыс орнына айналып үлгерді. Сонымен қатар бұл аймақта әлемде сирек кездесетін лотос гүлдері өседі. Қос өзен бойындағы табиғат тамаша табиғат көріністері бүгінде ішкі туризмді дамытуға мол мүмкіндік бере бастады.

Бес мың гектар аумақты алып жатқан лотос гүлдерінің алқабы Каспий теңізінің інжу-маржаны саналады. Теңіз жағалауы мен Қиғаш-Шора өзендерінің айдыны қазір масатыдай құлпырған кілем іспеттес. Лотос - әсем гүлді көпжылдық су өсімдігі. Ескі замандағы Мысыр және Үндістан жұрты қатты құрметтеген. Аңызға сенсек, бұл гүлдің тұқымын Ұлы Жібек жолы замамында саударгерлер алып келуі мүмкін немесе жыл құстары арқылы таралған деген тәмсіл бар.

Сергей Ушаков, турист есей):

- Осындай керемет жерлерді көргенім үшін тағдырыма ризамын. Құстар мен балықтардың түрі-түрі бар, жайқалып тұрған лотос гүлдері. Сезімімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Мұндай ғажайыпты тек көзбен көріп, қолмен ұстап қана сезіну керек.

Қазіргі таңда лотос гүлдері ТМД елдері бойынша Ресейдің Краснодар өлкесі мен Сахалинде ғана кездеседі. Теңіз атырабының аң-құсы мен балығы, мынадай әсем көріністері бүгінде экологиялық туризмді жандандыруға жол ашты. Бұл арадан жыл он-екі ай туристер арылмайтын еді. Өкінішке орай 300 шақырымдық «Атырау-Астрахань» тас жолы апатты жағдайда тұр. Ал табиғи қорық шекара маңында. Сондықтан бұл жерлерге тек табиғат сүйер жандарға ғана алыстан ат арылтып, арнайы келеді.

Бартош Маевски, турист (Польша):

- Жолдың машақатын көрдік. Өте қауіпті. Арнайы кедергілер арқылы жүретін ралли жарыстары секілді. Дегенмен, мен бұл жерге келгеніме өте қуаныштымын. Табиғи ортада өсіп тұрған қасиетті гүлдерді көрдім.

Отыз жылдан бері жөндеу көрмеген жол көлік-логистика, туризм саласының дамуына көп кедергі болып тұр. Бірақ бұл қиындыққа да нүкте қойылатын секілді. Аталған халықаралық маңыздағы күре жолдың биыл 60 шақырымына асфальт төселіп жатыр. Ал екі жылдан соң толық аяқталуы қажет.

Авторлары: Бекен Әлирахым, Темірлан Сұлтанғазы

Хабар 24 телеарнасы