386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте жалақы алмаған автобус жүргізушілері наразылыққа шықты

  • 124
  • UPD: 21:36, 23.08.2019

Шымкенттегі автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар екі ай бойы тиесілі жалақыларын алмаған екен. Мұндағы еңбекақы бойынша жалпы берешек 10 миллион теңгеден асып кеткен.

Ондаған шымкенттік автобус жүргізушісі компания ғимараты алдында наразылықтарын білдіріп жатыр. Олар екі айдан бері қолдарына ешқандай еңбекақы алмаған. Ал кейбіреулері амал жоқтан әлі автобус тізгіндеп жүр.

Блиц 1:

- Бізге жалақыны мүлдем төлемейді.

Блиц 2:

Ертең кел дейді. Мен келемін ертең басқа директор болады. Ал маған керегі не? Ол директор айтады: «алдындағы директормен шешіп ал» дейді. Кім шешеді бұл мәселені?

Бұл автобус паркі 2019 жылдың маусым айында жұмысын бастады. «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясындағылардың мәлімдеуінше, автопарк елімізде теңдессіз саналады. Жұмысқа қабылдау кезінде жүргізушілерге жоғары талаптар қойылып, жалақы 180 мың теңге болады деген уәде берілген. Ал бір апта бұрын бұл жерде үшінші басшы ауысқан.

Елікбай Тоқбергенов, автобус паркінің басшысы:

- Қазір барлық айлықты төлеп жатырмыз. Айлықтың кешіктірілгені көп, адамдардың карточкалары дайын емес. Көбісі аудандардан келген, карточка ашып үлгермеген. Карточка ашпағандарға қолма-қол бердік. Кейбір адамдардың құжаттары тапсырылмаған. Енді қазір тездетіп айлық төлеп жатырмыз.

Енді жаңа директорға бұрынғы басшылардың былығын түзетуге мәжбүр.  Мекеме мойнында 10 миллион теңге жалақы қарызы тұр. Есесіне паркте тұрған бірқатар бағыттағы автобустар тиімсіз саналады.

Елікбай Тоқбергенов, автобус паркінің басшысы:

180 мың төленеді дегенді мен білмедім. Кім айтқанын, қай жерде айтқанын. Менің қазір келіп анықтағаным, келісімді ашып көрдік жүргізушілердің жалақысы ол жақта 130 мың деп көрсетілген. Оны білмедім. Кім уәде бергенін. Мүмкін келешекте шығар.

Автобус паркі дағдарысқа қарсы бағдарлама әзірлемек ниетте. Әуелі еңбекақы қарызы өтеледі. Алайда, жүргізушілер уәде етілген 180 мың теңгеден құр қалады. Себебі, жаңа басшылыққа лизинг бойынша алынған 300 автобус үшін есептесуге тура келеді. 

Авторлары: Данияр Сұлтан, Катерина Попкова

Хабар 24 телеарнасы