387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысына соңғы жеті айда 720 мың турист барған

  • 146
  • UPD: 21:29, 23.08.2019
Түркістан облысына соңғы жеті айда 720 мың турист барған

Саяхатшылардың жартысы көрші Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай және Ресейдің азаматтары, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің өзге облыстарынан келіп, киелі орындарға зиярат жасайтындардың да қарасы қалың. Сөйтіп, өткен жылмен салыстырғанда салаға түсетін табыс көлемі 15%-ке артқан. Қазір Түркістан Ұлы Жібек жолының орталығы ретінде дамып келеді. Көрші елдермен де туристік саладағы ынтымақтастық жолға қойылған. Мәселен, Ташкент, Самарқан, Бұхара және Түркістан қалаларын байланыстыратын халықаралық бағыттар жұмыс істейді. Оны саяхатшылар «алтын бұрыш» деп атайды. Қазір облыста туризмді дамытуға арналған 17 жоба жүзеге асырылса, соңғы жеті айда 7 жоба іске қосылды. Алайда, туризмнің дамуына кедергі болып тұрған жайттар да бар. Мәселен, қызмет көрсету жағы кемшін. Туристік нысандарға алып баратын жолдар да жөнделмеген. Осы бағытта жұмыс істейтін кәсіпкерлерге жеңілдіктер қарастырылмаған.

Жасұлан Төлебеков, облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Сервис саласында, қазір бұл саланы көпшілік маусымдық деп қана қарайды. Демалыс аймақтары 3-4 ай ғана жұмыс істейді, ары қарай тоқтайды. Дұрыс жолға қойылмаған. Біраз мәселелер бар, оны шешу жолдарын бизнес қауымдастық пен мемлекеттік мекемелермен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Аудан, қала әкімдіктерімен. Қаратау қорығына, Отырар, Арыстабабтың жолдары 2020 жылы жөнделетін болады.

Хабар 24 телеарнасы