387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


WorldSkills-2019: 63 елден 1400-ге жуық қатысушы жиналды

  • 132
  • UPD: 23:15, 23.08.2019

Татарстан астанасында жұмысшы мамандықтары арасындағы әлемдік сайыстың алғашқы күні аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

60-тан аса елден барған қатысушылар ә дегеннен қызу бәсекеге кірісті. Бірақ жүлдегерлер жайында айтуға әлі ерте. Өйткені жарыс тура бір аптаға жалғасады

Аслан Қаженов, тілші:

Жұмысшы мамандықтар арасындағы әлем чемпионаты осымен 45-ші мәрте ұйымдастырылып тұр және Қазандағы бәсеке салыстырмалы түрде ең ауқымдысы. Өйткені бұнда 63 елден 1400-ге жуық қатысушы жиналды. Олардың арасында 34 жерлесіміз бар. Қазақстандық шеберлер бірнеше бағыт бойынша бақтарын сынап жатыр.

Қазақстан құрамасы әлемдік аламанға бертін келе қатыса бастады. Яғни, 2015 жылы Бразилияда, одан кейін 2017 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінде сынға түсті. Бірте-бірте деңгейдің артып келе жатқанын айтады мамандар.

Айта кетейік, жарысқа қатысушылар осы күнге дейін нақты қандай тапсырма болатынын білген жоқ. Тек бәсекеге 15 минут қалғанда жұмбақ конверттер ашылды және енді күн сайын осылай жаңа тапсырмадан алып отырады. WorldSkills - бұл жұмысшы мамандықтарының жарысы ғана емес, жалпы үлкен қозғалыс. Қазанда бас қосқан әлем мамандары өзара шүйіркелесіп, тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдап жатыр. Оған паралель ұйымдастырылып жатқан әртүрлі концерттер, форумдар, конференциялар тағы бар. Яғни, кәсіптік маман иелерінің өзіндік мерекесіне айналған. Ал, жарысқа қатысушы жерлестеріміз жайында айтар болсақ, барлығы іске кірісті, енді 5 күн бойы сынға түседі. Жарыстың жалпы қорытындысы 28 тамызда белгілі болады.

Авторы: Аслан Қаженов

 

Хабар 24 телеарнасы