385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еңбекші ауылында 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға беріледі

  • 171
  • UPD: 23:17, 23.08.2019
Еңбекші ауылында 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Түркістан облысы Келес ауданында бой көтеріп жатқан білім ошағы жаңа оқу жылы қарсаңында ел игілігіне ұсынылмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрылыс өткен жылдың маусым айында басталған. Қазір онда ішкі әрлеу, парталарды орналастыру, көрнекілік құралдарын ілу сияқты соңғы жұмыстар атқарылып жатыр. Жоба құны - 485 млн теңге. Жаңа нысанда оқушыларға қажеттінің барлығы бар деуге болады. Үлкен заманауи спорт залы, асхана, шеберхана, физика, химия және компьютер сыныптары бар. Бұдан бөлек, мектеп сыртында стадион, волейбол, баскетбол алаңдары жасақталған. Бұрынғы 150 оқушыға лайықталған ескі мектеп те қайта жөндеуден өткізіліп, оқу ғимаратына айналады.

Айта кетейік, бұл ауданда тағы бір мектептің құрылысы жүріп жатыр. Ал облыс бойынша биыл 23 мектеп қолданысқа беріледі.

Мұрат Юсупов, Келес аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:

- Осы нысанды 1 қыркүйекке бітіреміз деп жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Негізгі жұмыс абаттандыру қалды. Қазір асфальт төсеу үшін алаңдар тегістелді. Енді 1-2 күнде асфальт түседі деп отырмыз. Ол біткен соң абаттандыру жұмыстарын аяқтаймыз.

Хабар 24 телеарнасы