СҚО-ның әр ауданында аутист балаларға арналған ресурстық орталықтар ашылады
- 729
- UPD: 23:37, 23.08.2019

Солтүстік Қазақстан облысының әр ауданында аутизммен ауыратын балаларға арналған ресурстық орталықтар ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл мәселе педогогтардың Тамыз конференциясында көтерілді. Бүгінде өңірде 4 мыңдай «ерекше» бала бар. «Инклюзивті білім беру сыныптары олардың ортаға бейімделіп кетуіне оң ықпал етеді», - дейді ұстаздар. Мамандар ата-аналарға да психологиялық көмек көрсетіп, семинар-тренингтер өткізеді. Бүгінгі жиында жаңа оқу жылына дайындық барысы пысықталды.
Гүлмира Кәрімова, облыстық білім басқармасының басшысы:
- Ресурстық орталықтан балалар тек қана оқуды ғана емес, қосымша білім алып, арнайы мамандардан қосымща көмек ала алады. Бұл мамандар жаз бойы жұмыс жасап, арнайы курстардан өкізілді. Бізде 200-ден астам психологтар, логопедтер, дефектологтар арнайы курстан өтіп, бүгінгі күні жұмысқа дайын болып отыр.