387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидасын балабақшадан бастауымыз керек

  • 160
  • UPD: 23:48, 23.08.2019
Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидасын балабақшадан бастауымыз керек

Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күрес жүргізу жастардың санасын оятудан басталуы керек.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің ректоры Мұхтар Төлеген осылай дейді. Университет қабырғасында бұл бағытта бірнеше нәтижелі жоба қолға алынған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен осы жылдың басынан оқытушыларды ынталандыру үшін олардың жалақысын көтеру және сыйақылар тағайындау туралы шешім қабылданды. Ал өткен жылы оқу орны «Nur Otan» партиясымен бірлесе отырып, студенттерге қызмет көрсететін «Парасат» орталығын ашқан. Осылайша, жатақханадан орын алу мәселесі электронды жүйеге көшіп, адамның араласуы шектелді. Бұдан бөлек, білім ордасында «Адалдық алаңы» деген бастама қолға алынған.

Мұхтар Төлеген, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры:

- Адалдық алаңын осы біз сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе отырып біздің базамызда аштық. Өйткені бізде заң факульеті бар.Заң факультетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы курстар бар. Ол курстардың барлығын біз міндетті пән ретінде барлық мамандықтар үшін міндетті етіп қойдық,өйткені білесіздер, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидасын біз балабақшадан бастауымыз керек. Өйткені білесіздер, сатып алған білімнің сапасы болмайды, ертең жұмысқа тұрғанмен де ары қарай жұмыс істеп кетуі қабілеттігі болмайды.

Хабар 24 телеарнасы