387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлытаудағы туристік форумда шетелдік компаниялармен келісімге қол қойылады

  • 136
  • UPD: 09:04, 24.08.2019

Қарағанды облысының Ұлытау ауданында өтетін халықаралық туристік форум барысында шетелдік компаниялармен бірнеше келісімдерге қол қойылмақ.

Осылайша қасиетті мекенге әлемнің әр қиырынан жиһанкездерді жинау жоспарда. Германия, Біріккен Араб Әмірліктері секілді 40 елдің өкілдері өлкемізде этнотуризмді, экотуризмді дамытуға ынталы. Бүгін туроператорлар Алаша хан, Жошы хан, Домбауыл секілді киелі жерлерді аралап, тарихымен танысты. Ұлытау – қазақ хандығы құрылған қасиетті өлке. Үш жүздің басы қосылған ұлы дала тек еліміздің ғана емес, тұтас Еуразияның рухани, мәдени, саяси орталығы саналады. Сондықтан бұл мекенді көзбен көргісі келетіндердің қатары келешекте көбейетініне сенеміз дейді туристік компания өкілдері. 

Гансух Дамби, туризмді дамыту орталығының төрағасы /Моңғолия/:

- Біз Жошы ханның мазары осы жақта екенін білдік, бірақ көзбен көру бір бөлек. Ерекше әсер алдық. Қасиетті Ұлытау жерінің энергетикасы да керемет екен. Енді бұл тарихи-мәдени мұраларды өз елімізде насихаттап, туристерді әкелсек деген жоспарымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы