389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жоғалған альпинистерді іздестіру кезінде тікұшақ барынша биікке көтерілген

  • 221
  • UPD: 11:39, 24.08.2019
Жоғалған альпинистерді іздестіру кезінде тікұшақ барынша биікке көтерілген

Тянь-Шань тауындағы «Жеңіс» шыңында 3 қазақстандық альпинист жоғалғаны туралы хабарлама алғанна кейін Қазақстан Республикасының ІІМ Қырғыз Республикасының ТЖМ-не қазақстандық альпинистерді іздестіру және құтқаруды ұйымдастыруға әуе кемесі мен құтқару тобын тарту арқылы көмектесу жөнінде жүгінген.

Дереу ҚР ІІМ ТЖК, Қырғыз Республикасында ҚР Елшілігі, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР ҰҚК Шекара қызметі мен Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қырғыз республикасының таулы жерлерінде әуе жолы арқылы құтқару тобының мемлекеттік шекараны кесіп өту және іздеу-құтқару жұмыстарын үйлестіру жөніндегі мәселелерді шешу үшін бірлескен жедел штабы құрылған болатын.

Жедел ақпаратқа сәйкес, соңғы кезде жоғалған альпинистер 6000 метр биіктіктен сигнал берген, осыған байланысты 4000 метрден жоғары биіктікте ұшуларды жүзеге асыра алатын тікұшақ пен ұшқыштар қажет болды.

Қазақстанда құтқару авиациясы тек ІІМ ТЖК-нің осындай таулы жерлердегі күрделі құтқару операцияларына қатысу және 6000 метр биіктікке көтеріле алатын мүмкіндігі бар екенін атап өту қажет.

Еліміздің басшылығы мен ІІМ министрінің нұсқауы бойынша 19 тамызда ҚР ІІМ ТЖК Қазавиақұтқару МИ-171 борты әуе кемесінің тәжірибелі командирі Сергей Корольковтің басқаруымен Тянь-Шань тауындағы іздеу-құтқару операциясын бастау үшін ұшуға дайындалған болатын.

Жол берілген 6000 метрге дейінгі биіктікке қарамастан экипаж, қауіптілікті ойламастан тәжірибелі ұшқыштың басшылығымен бортты шекті биіктікке көтерді және альпинистреді 6400 метрден 5100 метрге дейін биіктікте іздеуді қамтамасыз етті, бұл ретте 14 вираж жасады. Оның үстіне ұшқан кезде тау беткейіне тікұшақ жақын тепловизорларының тиімді жұмысы үшін 70 метр қашықтыққа дейін ұшты, бұл борттағы барлық іздестіру тобына қауіп төндірді.

Сергей Корольков тәжірибелі ұшқыш, «Құрмет» және «Айбын» ордендерінің иегері, сондай-ақ және өз еңбек қызметінде 15 мың сағат ұшу жасаған Қазақстан Республикасының құрметті авиаторы болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы