385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасының Nur Otan партиясы төңірегінде жастарды біріктіру идеясын ақтөбеліктер қолдайды

  • 152
  • UPD: 13:54, 24.08.2019
Елбасының Nur Otan партиясы төңірегінде жастарды біріктіру идеясын ақтөбеліктер қолдайды

«NUR OTAN» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев партия төңірегіне жастарды біріктіру үшін шаралар қабылдауды ұсынған болатын.

Бұл ойы ұшқыр, белсенді және туған отанының өркендеуіне үлес қосқысы келетін ақтөбелік жас буын өкілдерін жігерлендіріп отыр. Олар «Жас Отанды» еліміздегі жастар саясатының драйвері болуы тиіс деп санайды. Өйткені оның құрамында қатарластарының жетістіктері мен мәселелерін жетік білетін және уақыт ағымына сай нақты іспен айналысып жүрген белсенді мүшелері жетерлік. Көпшілік арасында қарқынды ақпараттық-идеологиялық жұмыстарды атқаруға да дайын.        

Мұрат Мұстафин, «Жас Отан» жастар қанаты» АОФ мүшесі:

- Елбасының айтқаны осы жаңа толқында жастарды, яғни видеоблогер дейді, вайнерлар дейді, осы аудиториясы үлкен жастарды соларды сөзбен емес, нақты іспен «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатымен бірге жұмыс жасап, нақты проектілерді ұйымдастыруға шақырған болатын. Енді алдағы уақытта елге танымал жастармен бірге жұмыс жалғастыруды күтеміз.

Хабар 24 телеарнасы